Ақтауда «бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылды»: Полиция ақпараттың авторын іздестіруде

Желіде Ақтаудағы бірнеше мектептің миналанғандығы жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 қарашада жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде белгісіз жіберушіден жарылғыш зат туралы хабарлама алған. Кейіннен хабарлама авторы оларды өшіріп тастаған. Алайда ер адам келген хабарламаны дереу сүретке түсіріп алған.

Белгісіз біреудің жіберген хабарламасында қаладағы бірнеше мектептің миналанғандығы айтылады.

– 2 миллион теңге көлемінде ақша талап етеді, деп көрсетілген хатта.

Облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Тәртіп сақшылары барлық оқу орындарын тексеріп шықты, бірақ жарылғыш заттар табылған жоқ.

Полиция хабарламаның авторын іздеп жатыр

Қалалық әкімдік те аталмыш ақпараттың жалған екенін растады.Сондай-ақ мектептердің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.