Дүниежүзілік банк Қазақстанда 13 жобаны жүзеге асырып жатыр 

Дүниежүзілік банк Қазақстанда жалпы сомасы 3,6 миллиард АҚШ доллары болатын 13 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин қаржы ұйымының Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жалпы Дүниежүзілік банк елде 30 жыл ішінде түрлі сала бойынша 8 миллиард долларға 55-тен астам жобаны іске асырған. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Сондықтан көміртекті бейтараптық мақсатқа қол жеткізу үшін экономиканың базалық салаларын жаңғыртуға инвестиция тарту, «жасыл» экономика моделін енгізу және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жайын талқылады.