Құмды алқап қалашыққа айналды

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Қытаймен тығыз байланыс орнатты. Темір жол арқылы тауар тасымалын арттырып, көне Жібек жолын жандандырды. Алматы облысының Панфилов ауданында құрғақ порт салып, еркін экономикалық аймақ ашты. Ал онда еңбек ететін мамандарға арнап кішігірім қалашық салды.

Қытаймен шектесетін шекара шебіндегі бұл аймақ бұрын бос жатқан. 2009-2010 жылдары құрылыс жұмыстары басталып елді мекеннің іргетасы қаланды. Содан бергі он жылдан аса уақыт ішінде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтерді. Нәтижесінде құмды алқапта қалашық пайда болды.

Жеңісхан Маусымбеков – 2012 жылы ең алғашқылардың бірі болып елді мекенге көшіп келген теміржолшы. Ол жаңадан ашылған Алтынкөл станциясына бірнеше жыл басшылық еткен. Бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер қалашығымыз жанға жайлы дейді.

Жеңісхан Маусымбеков, теміржол саласының ардагері:

– Нұркент қалашығы өмір сүруге өте қолайлы. Мына жерде дәрігерлік пункт бар. Соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Барлық жағдай жасалған. Мектебіміз қандай жақсы. От жақпаймыз. Қалашықтың бәрі бір жерден жылытылады.

Ел қоныстана бастаған алғашқы жылдары мұнда небәрі 900 дей адам тұрған. Ал қазір олардың саны 3 мыңнан асты.

Осында тұрып жатқанымызға бір айдай болды, барлық жағдай жасалған. Бәрі жақын. Бір айдай болды. Жұмысымызға да жақын.

Көрікті қалашық 500 гектар жерді алып жатыр. Онда әлеуметтік мекемелермен қатар 20 дан аса көпқабатты үй тұрғызылды, 40 тан аса жекежай және жатақхана салынды. Ең бастысы жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Ерлан Оспанбаев, Пенжім ауылдық округінің әкімі:

– Негізінен бұл жердің тұрғындардың жұмыс орындары темір жол саласында одан кейін 15 шақырым жерде ҚХР шекаралас аймақта орналасқан аймақ. Яғни бұл жерде ҰҚК шекара қызметіне берілген үйлер. Сол салада жұмыс атқарады. Одан кейін әлеуметтік салалар бар.скл оның сыртында кәсіпкерлік пен өзін өзі жұмыспен қамтыған 10 пайыз халық деп айтсақ болады. Жалпы нұркент ауылында халық жүз пайыз қамтылған.

Қазір қалашықта көпқабатты төрт үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі Тәуелсіздік күнінде ел игілігіне табыс етілмек. Алдағы уақытта елді мекенге ресми атау беріп, оны 50 мың адам тұратын шаһарға айналдыру жоспарланып отыр.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев