Қарағанды облысында бес жасар баланы тонап кетті

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөліміне 9 қарашада бес жасар баланы тоналғандығы туралы арыз келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24» Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы ауыл тұрғыны бес жасар ұлын сөмкесімен көшеде қалдырып, өзі дүкенге кіріп кеткен. Балаға бейтаныс ер адам келіп, сөмкесінен ұялы телефонды алып қашып кеткен.

Полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. 36 жастағы ер адам кінәсін толық мойындады. Жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.

ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.