434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесін үлгі етті

  • 93
  • UPD: 09:17, 14.11.2021
Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесін үлгі етті Inbusiness.kz

Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте премьер-министр Жамбыл облысындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды оң бағалап, өзгелерге үлгі ретінде ұсынды, - деп хабарлайды  Хабар24 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апта басында жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, өңірдегі бірқатар нәтижелі жұмыстармен танысқан Үкімет басшысы, облыста қолға алынған әлеуметтік дүкендер желісі шын мәнінде үлгі етерлік жақсы тәжірибе екенін атап өтті. Өңірде көкөніс қоймаларында  қажетті өнімдер қоры артығымен сақталған.

Премьер-министр Жамбыл облысындағы әлеуметтік дүкендер ондағы сәбіз, пияздың жоғары өнімділігі туралы көрсетілген  шағын бейнероликті қатысушылар назарына ұсынып, бұл көкөністермен алдымен еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстар жүргізудің маңыздылығын баса айтты.

Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 14 әлеуметтік дүкен ашылған. Ол дүкендерде әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағада саудалануда. Мысалы, бір бөлке нан 80 теңгеден, жұмыртқаның 10 данасы 330 теңгеден сатылып жатыр. Ең бастысы бұл дүкендер қаланың кез келген бөлігінде бар. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар қолжетімді бағада керегін сатып ала алады. Осы ұтымды ұйымдастырылған тәжірибені басқа облыстарда да қолға алу жағын қарастыруды тапсырды  Асқар Мамин

Хабар 24 телеарнасы