Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Дәулет Сембаев өмірден озды

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Дәулет Сембаев 87 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қазақтың белгілі қаржыгері еді. Қазақстанның Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі болды. Премьер-министрдің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды, Сенат депутаты болды, Қаржыгерлер қауымдастығын және еліміздің Ұлттық банкін басқарды.