Жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 125 мың арыз түскен

Соның 40 мыңнан астам жағдайында кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

28 адам 30 тәулікке қамалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тұрмыстық жанжалдардың көбі ішімдік әсерінен болған дейді мамандар. Қазір мұндай заңбұзушылықтарға жауапкершілік қатаң. Бұған дейін кінәлі тарап тек 10 тәулікке қамалатын. Бұл мерзім бүгінде 3 есе ұлғайды.