433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Pfizer: елордада арнайы топты вакциналау басталды

  • 63
  • UPD: 14:06, 15.11.2021
Pfizer: елордада арнайы топты вакциналау басталды

Елордада пфайзер препаратымен вакциналау басталды.

Қазір қаланың 8-i емханасында екпе салу пункті жұмыс істеп тұр. Алдымен 12 мен18 жас аралығындағы жасөспірімдермен  аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге жасалды. Сондай-ақ босанғанына 42 күннен асқан әйелдердің де осы вакцинаны алу мүмкіндігі бар. Таңнан бері 12 адам екпе алды.  Екпе алғандардың жағдайы жақсы ешқандай шағымы жоқ деп хабарлайды медицицнпалық мекеме өкілдері.

Гүлфайруз Ысқақова, қала тұрғыны:

– Екі айлық балам бар. Мен жүктілік кезінде вакцина алғым келген. Айналамыздың барлығы алып жатыр. Pfizer вакцинасы келген кезде аламын деп шештім. Мен дәрігерден балаға әсер ете ме деп сұрадым. Балаға кері әсер етпесе, неге алмасқа?

Гүлмира Дүйсенбаева, №8 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері

– Бұл вакцина алты адамға арналған. Бір флаконның ішінде алтауы бар. Таңертең 12 адамға салынды. Оларда әзірше ешқандай шағым болған жоқ. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласына Pfizer вакцинасының  35100 дозасы әкелінді.

Хабар 24 телеарнасы