Таразда көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда көлік ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ол үй ауласында тұрған автокөлікті мініп, тайып тұрған. Осыдан кейін иесі полицейге хабар береді.

Күдіктіні қолға түсіру үшін арнайы жедел іс-шара ұйымдастырылып, көліктің тұрған жері анықталды. Ол тәртіп сақшыларынан қашып, қаладан шығып кетпекші болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатып «Астана» мөлтек ауданындағы балалар ойнайтын алаңына соқтығысқан. Әрі қарай жаяу қашып құтылмақ болған сәтте қолға түсті.

Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.