434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда ерекше жандарға арналған қос әткеншек орнатылды

  • 80
  • UPD: 14:05, 15.11.2021
Ақтауда ерекше жандарға арналған қос әткеншек орнатылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ақтаулық кәсіпкерлер шаһарға қос әткеншек тарту етті.

Ерекше сый, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантты. Өйткені әткеншектерге арбаға таңылғандар да тербеле алады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша осы 19-шағын ауданда жуырда мүгедек жандарға баспана берілген. Сондықтан кедергісіз келуге болады.

Анар Жалғызбаева, қала тұрғыны:

– Бүгін баламды әкеліп, мінгізіп, қуантып жатырмын. Үйімізге жақын. Көңіліміз көтеріліп, мәз болып қалдық.

Алпысбай Таубаев, қала әкімінің орынбасары:

– Қазіргі таңда осы бағытта жер белгілеп, орындар қарап жатырмыз. Егер осы бағытта әткеншек салатын кәсіпкерлер бар болса, жер бөлуге дайынбыз . 200 келі шамасына дейін ауыр жүк көтере алады. Шамамен 10 жылға жарайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға бірінші рет қойылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы