Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек» атты эко-акция басталды

Түркістан қаласында «Отбасыңмен он тал ек» атты он күндік эко-акция басталды.

Игі шараның алғашқы күні -ақ тұрғындар «Самал», «Отырар», 1-ші және 2-ші шағынаудандар мен Түркістан-Қызылорда тас жолы бойына 20 мыңнан астам ағаш көшетін екті.

Қоғамдық шараға белсенді қатысқан отбасылар мен ерікті жастарға сыйлық берілді. 

Үсен Мәккенбаев, қала тұрғыны:

 – Отбасыңмен он тал ек» деген акцияға отбасыммен келіп тұрмын. Қыздарым, балаларым осы Түркістан қаласының көркеюіне үлесімізді қосайық деп жатырмыз. Тұрғындардың барлығы осы акцияға шақырамыз. Өз үлесіңізді қосыңыздар.

Шараның мақсаты – Түркістанды жасыл қалаға айналдырып, отбасылар арасындағы ынтымақ-бірлікті арттыру. Жалпы, шаһарды абаттандыру үшін 90 мыңнан астам ағаш көшет  егілген.

Нұрбол Тұрашбеков, қала әкімі

– Жалпы Түркістан қаласының аумағын айналдырып, жасыл қалаға айналдыру мақсатында эко-акциямызды бастадық. Алдағы уақыт та қала тұрғындары ары қарай да сол жасыл желекті күтіп ұстаудың барлығын бірлесе отырып жасаймыз.