Кибералаяқтар қазақстандықтарды ірі банктің атынан алдап жүр

What’sApp мессенджерінде пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, 50 000 теңге ұтып алуды ұсынатын хабарлама тарады. Бұл конкурсты Halyk Bank өзінің 98 жылдығына орай өткізіп жатыр екен. Шындығында, бұл алаяқтардың ісі.

Пайдаланушыларға анкета толтырып, ақшалай сыйлық алу ұсынылған хабарламаның Halyk Bank-ке ешқандай қатысы жоқ.
– Бұл алаяқтар. Баршаңыздан сақ болып, мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады банктің қолдау қызметі.

Сонымен қатар, Halyk Bank-тің туған күніне орай ұтыс ойынын өткізу туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында да, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда да жоқ. Демек, ұтыс ойыны ұйымдастырылып жатқан сайт Halyk Bank-тің ресми ресурсы емес және оны белгісіз адамдар жасаған. Әдетте, мұндай онлайн-платформалар пайдаланушылардың жеке деректерін иеленуді көздеген кибер-алаяқтарға тиесілі болады. 

 

 

Сондай-ақ...