434,60 493.30 5,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордалық сауда ойын-сауық орталықтарына «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіреді

  • 78
  • UPD: 14:48, 15.11.2021
Елордалық сауда ойын-сауық орталықтарына «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіреді

Бүгіннен бастап елордалық сауда ойын-сауық орталықтарына «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 15 қарашадан бастап жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, деп хабарлайды «Хабар 24» Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда, яғни тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тест болған жағдайда жұмыс істейтін болады.

Мұндай шешім СОО-да үй карантинін бұзушылардың ең көп санын тіркеуді ескере отырып, сондай-ақ елордада тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында халық арасында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында қабылданды.

Елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысы бүгін, 15 қарашада күшіне енді.

Хабар 24 телеарнасы