433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ауыл» партиясы «Жолдағыға жанашыр бол» акциясын бастайды

  • 94
  • UPD: 19:16, 15.11.2021

Еліміздің ірі қалаларында «Ауыл» партиясының қолдауымен тағы бір тың жоба жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жақында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Жолдағыға жанашыр бол» атты шарасы басталады. Шараның мақсаты қара суықта жолда қалып қойған қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, яғни балалы аналар болса, діттеген жеріне тегін жеткізіп салады. Игі іске партия мүшелерінен бөлек, волонтерлер де жұмылдырылған. Ұзын саны 60-қа жуық көлік бір ай бойы көмекке мұқтаж жандарды баратын жеріне тегін жеткізеді.

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясының хатшысы:

– Қазір қыс мезгілі. Қар қалың жаууы мүмкін. Ондайда қоғамдық көлік жүрмей қалады. Сондай кезде балалы аналар болса, мүгедектер, қарттар болса, соларды барар жеріне тоңдырмай жеткізіп саламыз.

Хабар 24 телеарнасы