Шымкентте 47 заңсыз қоқыс алаңы анықталды  

Аймақта геопорталдың ғарыштық түсірілімімен анықталған заңсыз қоқыс алаңдары жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кейінгі жылдары құрылыс пен тұрмыстық қалдық төгетін заңсыз орын көбейіп, қаланың экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Енді ондай алаңдарға бақылау күшейтілді. Экология департаментінің қызметкерлері «қалдықсыз өмір» шарасы аясында қоқысты қалдықты кәдеге жарату жобасын жасау қажет екенін айтып отыр.

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Шымкент қаласы - өндірістік қала. Мұнда қаншама мекемелер орналасқан. Ірі кәсіпорындардың құрамына жататын қазіргі уақытта 80 шақты мекеме бар. Олардан ауаға тасталатыны бар, өндірістік қалдықтары бар. Одан бөлек сарқынды сулар бар. Ауаға тастанды зиянды заттардың 20% төмендету керек. «Жасыл Қазақстан» деген бағдарлама бекітілген. Сол бағдарлама бойынша 20%-ке төмендету керек.