Павлодарда мектеп асханасының жұмысы тексеріледі

Ертіс өңірінде ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан мектептегі ас-ауқат сапасына қатысты шағым көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді асхана жұмысын электронды жүйе арқылы бақылауға болады. Бұған дейін оқушыларды тамақтандыратын кәсіпкерлердің жұмысын қадағалау мүмкін болмады. Сондықтан білім беру ұйымдары мен кәсіп иелері ортақ келісімге келді. Бүгінде пилоттық жоба 24 мектепте енгізілді. Жыл соңына дейін жүйеге облыс орталығындағы барлық орта білім беру мекемелері қосылады. Қазір Павлодардағы 42 мектептің асханасында 28 кәсіпкер жұмыс істейді.

Алла Северина, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:

– Әр оқушы аспаздың жұмысын бағалай алады. Асханаға кіреберісте арнайы маңдайша орнатылған. Балалар тамақтануға қатысты пікірлерін қалдырады. Осылайша асхана иелерінің жұмысы бақыланып, қажетінше тиісті шаралар қолданылады. Мектептердегі астың сапасына толық мониторинг жүргізіледі.

Қуанған Қадырханқызы, мұғалім

–Әрине, біз бұрын сауалнама ғана арқылы анықтасақ, қазіргі таңда әр оқушының батырмасы бар, яғни жасыл, сары, қызыл. Жасыл «өте тамаша», егер де сары түсті батырманы басқан жағдайда бұл мектеп басшыларының алдына барып түседі. Бұған байланысты мектеп басшылығы асхана басшысымен сөйлесе отырып, қандай шағым тсүкеніне байланысты, тез арада қарастырып, ол сұрақтың жауабын шешеді.