Еліміздің әскери қызметшілері вирусқа қарсы қайта екпе алады  

Апта соңында ел әскерінің жеке құрамына қайта вакцина салына бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарулы Күштер қызметкерлері коронавирустың жаңа штамдарынан қорғанудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Пандемияны жеңуде қайта иммундау қажет, дейді әскерилер.

Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте ел бойынша ревакциналау науқанын жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірге азаматтарды короновирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау жоспарын бір пысықтап алды. Қазақстанның Қарулы Күштері де бұл науқаннан тыс қалмады.

Әлібек Манабаев, ҚР ҚК санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы:

– Жоғары бас қолбасшы вирусқа қарсы ревакциналау науқанын бастау бойынша нұсқау берген болатын. Соған байланысты ҚарулыКкүштерінде қараша айының үшінші 10 күндігінен бастап коронавирусқа қарсы ревакциналау басталады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын аяқтаған соң 6-9 ай өткенде қосымша доза егу ұсынылады. Мұнда вакцинаның бір дозасы қолданылады.

Әлібек Манабаев, ҚР ҚК санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы:

– Қарулы Күштердің жеке құрамы ревакцинацияның маңыздылығын жақсы түсінеді. Өйткені коронавирустың жаңа штамдарына қарсы толыққанды дайын болуы үшін ревакцинация өте маңызды.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде қазірдің өзінде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа жеке құрамның 100%-і екпенің қос компонентін салдырған.

Авторы: Мирлан Алтынбек

Сондай-ақ...