434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбыл облысы Өрнек ауылында халық шаруашылық мақсаттағы жерін заңдастыра алмай жүр

  • 83
  • UPD: 09:02, 16.11.2021
Жамбыл облысы Өрнек ауылында халық шаруашылық мақсаттағы жерін заңдастыра алмай жүр

Ауылдағы ағайын мемлекет берген жердің игілігін көре алмай отыр. Себебі заңды құжат жоқ. Ал жергілікті билік проблеманы шешуге құлықсыз. Әуре-сарсаңға түскен халық әкімдіктен қайран болмаған соң жоғарыдан көмек бола ма деп үмітті.

Бұл жол жер дауы Өрнек ауылынан шықты. Елді мекеннің 30 шақты тұрғыны шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген жерін заңдастыра алмай отыр. Әрқайсысында әртүрлі жағдай. Мәселен, Бақытжан Көшеков 20 гектардай егістік жерін кім пайдаланып отырғанынан бейхабар. Кезінде ауылдастарымен бірігіп бір шаруашылық құруға келіскен. Кейін өздері сайлаған төраға қайтыс болып әр қарай жұмыс жүрмей қалған.

Бақытжан Көшеков, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Іздесек сол жер жоқ. Не өкіметке өтпеген. Біреу пайдаланып жүр енді. Бірақ кімде екенін ешкім тауып бере алмайды. Ауылды жерде тұрғаннан кейін жерсі болмайды екен. Не малымызды жая алмаймыз. Бәрі жерімізден шық дейді. Жер іздесек мына әкімдік те, жер бөлімінің бастығы да келсең жақсы сөзбен шығарып салады. Былай шықсаң жоқ. 

Бақытжан Зайлыбаев, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Менікі 86 гектар. Жайылым мен егістік жерім. Шешемнің атына берілген жер. Сайлыбаева Күләшқа. Қазір 82-ге келді жасы. Сол кісінің жерін таба алмай жүрміз. Кемпірдің паспорты жоқ болдыдағы гос актіге кірмей қалды. Списокке. Содан жерді бөліп тастап сенің жерің жоқ қалып қалған деп содан жерді таппай жүрміз. 

Әкімдіктен қайран болмаған соң, жұрт жерді іздеуге өздері кіріскен. Қазір оған жергілікті волонтер Нұрслан Шәріпбаев көмектесіп жүр. Ол 49 жылға халыққа пайдалануға берілген жер талан-таражға түскен деп санайды. Ерікті мәселені жіті зерттеп, халықтың жерін «Азаматтарға арналған үкімет» базасынан тапқан. Тіпті сот тәртібімен тұрғындардың тіркелген ЖШС-тің заңды мүшесі екенін дәлелдепті. Аудан әкімнен осы жерді пайдалануға шешім шығарып беруді бірнеше рет талап етіп келген. Алайда ары сілтеп, бері сілтеп халықты әуре-сарсаңға салып жүр дейді ол.

Нұрслан Шәріпбаев, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Бос жатқан жерлерді бір шаруақожалықтарға пайдалануға беріп отырсыздар қазір?

Жауап: Ешкімге беріп отырған жоқпыз!

Спикер: міне мен сізге суретін де көрсетем. Қазір кім пайдаланып отырғанын да айтып беріп тұрмыз. Осыдан бері қарай ешқандай шара қолданған жоқсыздар. Ал бұл жерде значит интересі бар әкімшіліктің. Сол жерлерді бір шаруашылыққа беруге нақты. 

Ерғазы Еспенов, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Ешқандай налоговый есеп, салық төлеп ешқандай іс әрекет жүргізілмеген. Сондықтан салық комитеті тарапынан сотқа беріліп, банкрот деп танылған. Сол банкрот деп танылған кезден бастап бір жыл ішінде пай үлескерлері шығып басқа шаруашылық құрып немесе басқа шаруашылық құрамына кіру керек еді.

Ауыл тұрғындары жерді бірнеше жылдан бері өзге шаруашылық пайдаланып отырғандығын айтады. Ал әкімдік онымен келіспейді. Енді арнайы комиссия құрып мәселе анықталмақ. Алайда жұрт бұл уәденің айтылып келе жатқанына 4 жыл болды деп отыр.

Ерғазы Еспенов, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары:

- Анықтаймыз. Бірақ ол жерді пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ қазір. Бүгін мен комиссия жіберемін. Барып анықтап егер пайдаланып жатса тоқтатамыз. Ол жерлер мемлекеттік қорда. Бұл кісілерге пай үлесін тарату деген қазір жоқ. Сондықтан біз оны заңсыз шешімге бара алмаймыз. 

Қазір тұрғандар шарасыз отыр. Олар тек жоғарғы жақтан көмек күтеді.  

Нұрслан Шәріпбаев, Өрнек ауылының тұрғыны:

- Ана әкімнің есігін қағады. Мына мекеменің есігін қағады. Халықтың өзін кінәлі қылып шығарады аяғында. Біз бұл жерде көмекті тек қана президенттен сұрап неғылмасақ президенттің шапағы тимесе халыққа көмек жоқ секілді. 

Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы