434,60 493.30 5,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізге Pfizer вакцинасының екінші партиясы жеткізіледі

  • 72
  • UPD: 12:39, 16.11.2021
Елімізге Pfizer вакцинасының екінші партиясы жеткізіледі

«Пфайзер» вакцинасының екінші партиясы елге қарашаның 20-сына дейін жеткізіледі.

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Бірінші партияда екпенің 379 мың дозасы болған. Ол елдің 7 өңіріне әкелінді. Министрдің айтуынша, Үкімет бұл вакцинаны ақылы негізде де салдырту туралы қаулының жобасын әзірледі.

Айта кетерлігі, соңғы 3 айда науқас саны 90 мыңнан 34 мыңға дейін азайды. Алайда вирус жұқтырғандардың 95 проценті коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған. Осы орайда Алексей Цой халықты иммундау кампаниясына белсенді қатысуға шақырды. Қазір ел тұрғындарының 41 проценті ғана вакцина алған.

Хабар 24 телеарнасы