Колледж бітіргендер де ауыл әкімі бола алады – Тоқаев

Ауыл әкімі сайлауына қатысатын үміткерлерге қойылатын талапты өзгерту керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Белгілі бір себеппен жоғары білім ала алмаған, тек колледж немесе лицей бітірген адамдар да ауыл әкімі сайлауына қатысу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадам үміткерлер арасындағы бәсекені күшейтеді деді. Сондай ақ өз-өзін ұсынатын жандарға мол мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Сосын үгіт-насихат жұмыстарына берілетін уақытты ұзартуды тапсырды.