Президент: Шәкіртақыны толығымен студенттің жеке есепшотына аудару керек

Енді шәкіртақы толығымен студенттердің жеке есепшоттарына аударылу керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Білім алушылар сол шоттағы қаражатты шетінен алып, оқуына жұмсап отырады. Мемлекет басшысы грант ұтқан  студенттерге осындай мүмкіндік берілсін деп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев бір ғана студентті оқыту үшін бюджеттен шамамен 4 млн теге бөлінетінін айтты. Сол себепті қаржыландыру тәртібін өзгерту қажет дейді. Президенттің айтуынша, әлгі ақша грант иесіне тікелей берілу керек. Әзірге нақты механизм жоқ.

Президент Үкімет осы идеяны жүзеге асырудың тетіктерін аз уақытта әзірлеу керек деп тапсырма берді.