430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте бес адамнан сібір жарасы анықталды   

  • 70
  • UPD: 22:26, 16.11.2021

Шымкентте бес адамнан сібір жарасы анықталды.

Аталған жағдай Абай ауданы аумағында тіркелді. Ауру малдың етін Түркістан облысының Сайрам ауданындағы кәсіпкер Жиделі шағын ауданының 15 тұрғынына сатқан. Оның төртеуінен індет белгілері байқалды. Етті тұтынған өзге азаматтарға қажетті медициналық-профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Шымкентте биыл сібір жарасын жұқтырғандар саны екі есе өскен.

Балкүміс Мұсаева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Ол ошақта барлық індетке қарсы іс-шаралардың барлығы толығымен жүргізілді. Ошақ жабылды. Бізде қарым-қатынастағы барлығы 14 күн медициналық бақылауда болды. Олар барлық антибиотик пен профилактикалық ем қабылдап, олардың арасында қайталанған жағдайлар кездескен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы