434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өлім жазасына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіледі

  • 54
  • UPD: 22:31, 16.11.2021
Өлім жазасына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Елде өлім жазасына тыйым салуға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері белсенді атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кеңес отырыстарында бұл мәселе кеңінен талқыланып, осындай шешім қабылданды. Енді жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіледі. 

Жеміс Тұрмағамбетова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Екінші факультативтік өлім жазасы деген протокол бар. ТМД елдерінен оған Қазақстан мен Беларусь қана қосылмаған. 26 жыл бойы айтып келе жатырмын. Өлім жазасын алып тастау керек. Бұрынғы заңдарды қараңыз, бізде ондай болған жоқ. Құнын төледі. Соған келістіру керек болды.

Хабар 24 телеарнасы