Ерлі-зайыпты сотталғандар екі жылдан соң Skype арқылы көрісті

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері онлайн режимде кездесулер өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар осыдан 2 жыл бұрын сот залынан қамауға алынған кезде байланыстарын үзген болатын. Дамир мен Гаухар (есімдері өзгертілген) бостандықта жүргенде бір-бірімен танысып, өмірлерін байланыстырып, қыз тәрбиелеп өсірді. Сотталғандар туыстарымен үнемі байланысып тұрады. Алайда сот үкімінен кейін ерлі-зайыптылар екі жыл өткен соң ғана бір-бірін көре алды.

Skype-пен қоңырау шалғанда әйеліме қарау өте ауыр болды. Бейнеқоңыраумен ұзақ сөйлесуге батылым жетпеді: ұзақ ойландым, қорқыныш та болды. Өйткені ол менің кесірімнен темір торға қамалды. Мен мекеме әкімшілігіне әйеліммен онлайн сөйлесуге рұқсат беру туралы өтініш жаздым, бірақ әйелімнің келісетініне сенімді емес едім, себебі біз екі жыл бойы сөйлеспедік және бір-бірімізді көрмедік, маған бұл қадамға бару өте қиын болды, – дейді Дамир.

Ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткі заттарын заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені үшін қазіргі уақытта түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Екеуінің де мүліктері тәркіленіп, екеуі де 10 жылға сотталды. Гаухар қазір Оңтүстік Қазақстандағы түзеу мекемелердің бірінде, атап айтқанда Шымкент қаласында жазасын өтеуде. Дамир ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеуде. 

– Менің жұбайым үйге пакет әкелгенімді білмеген, бір күні ол бұл пакетті байқап қойып, қоймадан шығарды. Мен жас кезімде шөп, темекі шегетінмін, бірақ отбасын құрған соң барлығынынан бас тартып едім. Сол түні біз әйелімізбен ұрысып қалған болатынбыз, сол кеште ол мені «Максимге пакетті беремін деген уәдеңді бер» деп жалына сұрады, әйелім бұрын соңды шартты түрде сотталған және пробация қызметінде тіркелгендіктен ол есірткі үшін айтарлықтай үлкен жаза мерзімі берілетінін білген. Максиммен сөйлескеннен кейін мен оны үйде күттім, пакетті оның қолына тапсырамын деп ойладым, бірақ өкінішке орай полиция қызметкерлері Максимнен бұрын келді. Біздің арманымыз, болашаққа деген жоспарларымыз, олардың бәрі бір сәтте көкке ұшты, бізді бас бостандығымыздан айырды, сот залынан қамауға алындық, – деп Дамир күрсініп, көз жасына ерік бере еске алды.  

– Бірақ мен үмітімді үзбеймін. Бір күні біз босатылып, үйімізге оралып, қызымызға барып, бірге бақытты өмір сүреміз, – дейді Дамир.

Қазіргі уақытта пенитенциарлық мекемелерде Skype бойынша онлайн байланыс жүйесі енгізілген.

 – Туыстарымен қарым-қатынасты ұстану – сотталғандардың түзелулеріне жасалған қадамы, босатуға жасалған қадамы, сондай-ақ туыстарымен байланыста болу барлық психологиялық қиындықтарды жеңуге көмектеседі және отбасы мен қоғамға оралуға деген құлшынысты арттыруға көмектеседі, – деп атап өттті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кадирхан Хамзин.

Сондай-ақ...