434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

  • 84
  • UPD: 12:17, 17.11.2021
Түркістан облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды Zakon.kz

Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент жолы жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, көрінудің шектелуі) Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент республикалық маңызы бар жол қозғалысы (Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейінгі 593 км-654 км) автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Түркістан облысының полицейлері елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиын екенін ескертеді және азаматтарға ұзақ жолдарға, іссапарларға шықпауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы