Жамбылда жолда қалған 26 жолаушы құтқарылды

Жуалы ауданы аумағында Алматы-Ташкент бағытындағы тас жолда қалып қойған 26 жолаушының екеуі бала, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ақтүтек бораннан шығарылған адамдар Нұрлыкент ауылына жеткізілді. Олар мектептегі жылыту пунктіне уақытша орналастырылды. Құтқару жұмыстарына 10 құтқарушы және 2 техника жұмылдырылды. Қазір азаматтық қорғаныс органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.