Елімізде Рfizer екпесін салу жалғасып жатыр

12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және балалы әйелдер Pfizer вакцинасын алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

16 қарашадағы мәліметке қарасақ, республика бойынша екпенің бірінші компонентін 4 мың 779 адам салдырды. Вакциналау басталған екі тәулікте елордада 643 бала екпе алды. Оның 428-і емханаларда, 215-і мектепте вакциналанған.

Айта кету керек, оқушыларға вакцина тек ата-анасының рұсаты бойынша салынады.

Бақытжан Омарханов, қала тұрғыны:

– Ұлым №65 мектепте 10 сыныпта оқиды. Сондықтан бірінші естігенде біоден келістім «пфайзер» вакцинасын алуға. Оның сыныбында біз бірінші болып тұрмыз. Қалған ата-аналар екі ойлы да. Вакцина алыңыздар. Біріншіден, баланың денсаулығы маңызды. Көпшілік ортада жүреді, мектепте жүреді, басқа жерде жүреді. Сондықтан мен өзім алған дұрыс деп шештім.

Жанкүміс Шайхисламова, дәрігер:

– Вакцина балаларға екі кезең бойынша салынады. Алғашқысы мен екіншісінің арасы 21 күн болуы тиіс. Егер баланың денсаулығы немесе басқа жағдайлар болып қалса, 28 күнге дейін ұзартуға болады. 28 күн ішінде алмаса, екінші доза салынбайды.12-ге толмаған және вакцина немесе өзге де дәрілерге аллергиясы бар балаларға вакцина салынбайды. Ал диспансерлік есепте тұрған балаларды ремиссия кезеңінде вакциналауға болады. Ата-аналарға аурудың таралуын тежеу үшін балаларды вакциналауға кеңес береміз

Сондай-ақ...