Алматыда жалған дәрі жасағандар сотталды

Қылмыстық топ мүшелері дәрілік препараттардың 60 мыңнан астам қаптамасын дайындаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың арасында балаларға арналған дәрумендер, анти-биотиктер мен вирусқа қарсы дәрілер бар. Қылмыскерлерді пандемия кезінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұстаған. Осылайша қорапшаларды дайындайтын баспахана мен Алматы облысының Іргелі кентіндегі астыртын цехтың заңсыз ісі әшкереленеді. Тергеу нәтижесі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әртүрлі науқастарға берілетін тәркіленген күмәнді дәрілердің жалпы құны 250 млн теңгеден асады.