Шортандыда жарылыстан баспанасыз қалған отбасыларға үй береді

Шортанды ауданында газ баллонның жойқын жарылысынан зардап шеккен 3 отбасы баспанамен қамтылады. Қазіргі таңда олар уақытша жалдамалы пәтерге көшірілді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев айтты.

Айдың, күннің аманында немересі мен келінінен айырылған Мұрынбай ақсақал ауыр қайғыдан көзіне жас алды. Жарылыс кезінде ол үйде болмаған. Өрт үстінен түсіп, жауды өздігінше сөндіргісі келген. Өрт сөндірушілер қызыл жалын ауыздықталған соң үйінді ішінен 4 жасар немересінің мәйітін алып шыққанда жүрегі сыр беріп, есінен танып қалған.

Мұрынбай Тоқтарұлы, Шортанды кентінің тұрғыны:

- Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға болмас бұрын үй иесі пәтерінде қонақ қабылдаған. Жарылыс болған сәтте ақсақалдың келінімен бірге құрбысы да ажал құшқан.

Барлығы 10 адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде екеуінің алған жарақаты жеңіл болып үйіне жіберілді. 6 науқастың жағдайы күрделі болған соң тиісті ем қабылдау үшін елордаға санитарлық авиациямен әкетілді.

Айгерім Ардаққызы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Екі ересек №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. 4 бала №2 көп бейінді ауруханада. Екеуінің жағдайы аса ауыр. Қалған екі баланың жағдайы да ауыр, бірақ тұрақты.

Тағы бір зардап шегуші әйел елордаға бүгін жеткізіледі. Ал аудандық ауруханада қалған жалғыз науқас 1 жастан енді асқан сәби. Оның жағдайы тұрақты дейді дәрігер.

Руслан Бөтенбаев, Шортанды аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Күні кеше оқиға орнына облыс әкімі де келген. Оның орынбасары Малғаждар Тәткеев жарылыстан зардап шеккен 3 отбасы далада қалмайды деп уәде берді. 

Малғаждар Таткеев, облыс әкімінің орынбасары:

- Қазіргі таңда өрт болған аумақ қоршалып, оттың нақты неден және қалай тұтанғаны бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мирлан Алтынбек, Жандос Сұлтанғазы, Әсет Сарғұлов