ШҚО-да жол апаты жиіледі

Шығыс Қазақстанда да қатынас қиындады. Әсіресе шалғай аудандарға апаратын жолдар көктайғақ. Ақтүтек боран салдарынан жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Полиция мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмысқа кірісті. Жолаушылар күн райының қолайсыз екенін көре тұрып, ескертуге құлақ асар емес. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламаны елеместен жолға шығып кеткендерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қарастырып жатыр.

Бұл бейнежазба жақында ғана түсірілген. Жүк және жеңіл көліктер жол жиегінен шығып жатыр. Кілт бұрылыстарда жылдамдықты ірікпегендер. Өңірде соңғы күндері де күн райы құбылып, қозғалыс қиындады. Соған қарамастан сапарға бел буғандарға тәртіп сақшылары кеңес беруде.

- В связи с ухудшениями климатических условий предупреждаем о том, что дорога скользкая.

Тілек Баймолдин, патрульдік полиция батальоны взвод командирі:

- Кеше ғана жол үстінде 8-9 апат болды. Сондықтан барынша кезекшілікті күшейтіп жатырмыз.

- Как дорога сейчас? Вы в Алтай едете?

- Не знаю, поеду, узнаю.

Негізінен аязды, боранды күндері Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонайха, Өскемен-Алтай-Рахман қайнарына апаратын жолдар аса күрделі, дейді жол қызметкерлері. Сондықтан таулы-жоталы аймақтағы бұл бағыттар басты назарда.

Олжас Ахметов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филалы директорының орынбасары:

- Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонайха жолдарына барлығы 28 арнайы қар тазалау, жүк көліктері орындайды жұмыстарды. Ал Өскемен Алтай, Рахман қайнары, ұзақтығы 446 шақырым жолда 50 бірлік арнайы техника қарды тазалау жұмысына жұмылдырылады. 

Құтқарушылар да мықты қамдана бастады. Өйткені қар құрасуында қалған оқиғалар жиілесе әр техниканың да, жеке құрамның әзірлігі сыналады.

Нұржан Каримов, ШҚО ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:

- Үш мыңнан астам жеке құрам даярлыққа келтірілд және 400-ден астам қар тазалау техникасы, 96 эвакуациялық техника. 300-ден аса жоғары өтілімді техника даярлыққа келтірілді. Жол бойларында трассалық-медициналық бекеттер жұмыс істеп тұрады тәулік бойы.

Құтқару техникасының ішінде әсіресе жол талғамайын темір тұлпарлардың орыны ерекше. Ендеше оның сақадай сай тұруы маңызды.

Владимир Субботин, ШҚО ТЖД құтқару бөлімшесінің басшысы:

- Бұл көліктер әрине қыста өте тиімді. Күрделі жер қыртысына қарамайды. Діттеген жерге жеткізеді. Дәл осы техника көмегімен 100-ден астам адам құтқарылды. 

Өткен қыста жолда қалған мыңнан астам адам эвакуацияланып, көмекке мұқтаж 250-ге жуық адам құтқарылды. Соның басым көбі дабылды ескертуге құлақ аспағандар. Сондықтан болар салалық министрлік метеожағдайдың нашарлығына, синоптиктердің хабарламасына мән бермей алыс жолға шыққан көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты талқылап жатыр.

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин