«Айбын-2021»: жасөспірімдер АК-74 автоматын бөлшектеп жинаудан жарысады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жасөспірімдер арасында «Айбын-2021» жиыны жалғасып жатыр. Биыл 74 командада 1100 жасөспірім бақ сынасады. Қорғаныс министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан шара осымен жетінші рет ұйымдастырылды.

Жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу Қорғаныс министрлігінің басым бағыттарының бірі. 2015 жылдан бастап «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізіледі. 7 жыл ішінде жастар арасындағы әскери додаға алты мыңнан астам жасөспірім қатысқан.

Әсия Сейіталиева, ҚР ҚК ҰӘПО Әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы:

- Жарыс үшін арнайы цифрлы платформа іске қосылды. Ол «айбын-онлайн.кз» веб-сайты мен «Айбын» мобильді қосымшасы. Енді жарыстар мен байқаулар тактикалық алаңда емес, Айбын цифрлық кеңістігінде өтіп жатыр.

Биыл Жиын екінші рет жаңа форматта өткізіліп отыр. Яғни республиканың түкпір-түкпірінен жастар онлайн қосылып, бар өнерлерін экран алдында көрсетеді. Жаңа жарыстармен қатар 6 жыл аралығында өткізілген дәстүрлі байқаулар қаз қалпында қалған.

Мейірбек Меңдіғалиев, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы:

- Әскери-патриоттық жиынның жарыс бөлігіне тоқтай кетсек: «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Мейірімділік біріктіреді» челлендждер сайысы. «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, робототехника бойынша «Смарт сарбаз» конкурсы, спорттық және әскери дайындық бойынша нормативтер. Олардың ішіне кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру АК-74 толық емес бөлшектеу мен жинақтау кіреді. Саламатты жас сарбаз алғашқы медициналық көмек көрсету тоғызқұмалақ ұлттық ойыны жас сарбаз жас тілшісі медиа байқауы.

Өз топтарында бірінші орыннан көрінгендер Білім Абырой Жеңіс финалдық ойынына жолдама алады. Ол жерде абсолютті жеңімпаз яғни гран-при иегері анықталып, бағалы сыйлықтармен, медальдармен  марапатталады. Соңымен қатар Жиын қортындысы бойынша  патриоттық аймаққа немесе республикалық маңызы бар қалаға «Патриоттар мекені» ауыспалы кубогы тапсырылады.

Гүлзия Нақыпқызы, Артур Горшняков