Түркістан облысында күшті желдің кесірінен елді мекендер жарықсыз отыр

Түркістан обьлысында күшті желден қираған мүлік қалпына келтіріліп жатыр.

Өңірдегі 25 елді мекен әлі де жарықсыз отыр. Бұл – шамамн 10 мың абонент. Апат аймағында энергетиктердің арнайы бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал қазір ауа райы қалпына келді. Кеше кешке жабылып қалған «Шолаққорған-Ащысай» тас жолы ашылды. Дегенмен Түлкібас ауданының таулы өлкелеріндегі жолдары әлі жабық. Ол жақта құтқарушылар қарайлап жүр.