Алматы облысында қар құрсауында қалып қойған бес адам құтқарылды

Алматы облысында қар құрсауында қалып қойған бес адам құтқарылды. Оқиға Кеген ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жанына ерткен балалары бар екі жүкті әйел мен бір ер адам ақ түтек боранға қарамастан жолға шыққан. Кешқұрымда көлікке мінген жолаушылар Түменбай ауылы маңында қарға тұрып қалған соң, төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарласып көмек сұраған. Құтқарушылар шұғыл аттанып, арнайы техниканың арқасында адасқандарды аман-есен алып келген. Қазір жолаушылар қауіпсіз жерде.

Айта кетейік, аймақта ауа райы құбылып тұр. Сондықтан «Алматы-Өскемен» тас жолының алпыс шақырымға жуық бөлігінде қозғалыс шектелді. Оның сыртында «Қапал Арасан –Көшкентал», «Сарыөзек- Көктал», «Көксу- Қарабұлақ» тас жолдары түгел жабылған.