Үкімет жанар-жағармай бағасын толық реттей алмайды – Мағзұм Мырзағалиев

 

Үкімет жанар-жағармай бағасын толық реттей алмайды. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша, бензин құны Брент маркалы мұнайға тәуелді емес. Сондай-ақ мердігерлер де өз бағасын бекітуге құқылы. Бірақ жауапты ведомство отын тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шара қабылдап жатыр. Мәселен, елдегі үш мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары уақытымен жүргізіледі. Екіншіден, жанар-жағармай қорын қалыптастыруға қажетті материалдық-техникалық база әзірленеді. Үшіншіден, әр мұнай базасында отынды бақылайтын құрал-жабдықтар орнату жоспарда бар.

Естеріңізге салайық, биыл елде дизель отынының тапшылығы орнап, оны көрші елдерден импорттауға тура келді. Салдарынан баға біраз құбылғаны белгілі.