Түркістан облысында барлық бағыттағы жол түгел ашылды

Қазір көлік қатынасына ешқандай шектеу жоқ. Үзілген электр желілері қалпына келтіріліп, 5 мың тұтынушыға жарық берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Айта кетейік, кешегі қатты боранның салдарынан өңірдегі Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Төлеби аудандарындағы 25 елді мекенде 10 мыңға жуық абонент қараңғылық құшағында қалған еді. Апат салдарын жоюға жарыққа жауапты мекеменің 11 бригадасындағы 50-ге жуық маман мен 12 арнайы техникасы жұмылдырылған. Алайда ауа райын болжайтын мекеме мамандарының хабарлауынша алдағы күндері өңірде тағы да құбылмалы күн райы сақталуы мүмкін. Сондықтан мамандар жүргізушілер мен жолаушыларға жолға шыққанда абай болуды ескертеді.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– 18 қараша күні түнде де Түркістан облысының тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтілуде. Облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында 23-28 м/с, ал таулардағы асуларда 30 м/с дейін болуы күтілуде.