Таразда дауылдан зардап шеккендер саны көбейіп жатыр

 

Жамбыл облысында дауылдан зардап шеккендер саны 56 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазір ауруханаларда он бір адам жатыр. Оның үшеуі – бала. Төрт науқас жансақтау бөлімінде. Көбісінің үстіне ағаш құлап аяғы сынып, басы жарылған. Бір адам шатырдан құлап, жеті қабырғасы сынған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы қалыпты. Жарақат алғандардың ішінде Оңтүстік Корея елінің азаматы да бар. 35 жастағы шетелдіктің мойын омыртқасы сынған. Қазір оның жағдайы ауыр көрінеді.

Айта кету керек, дауыл кезінде кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек мерт болды.

Сәкен Жұмашев, Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Барлық науқастардың жағдайы жақсы. Жансақтау бөліміндегі бір науқастың ғана мойыномыртқасы сынған. Оған қазір ота жасауға дайындалып жатырмыз.