433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда пранк жасағандар жауапқа тартылды

  • 111
  • UPD: 15:58, 18.11.2021

Алматы метросында пранк жасағандар жауапқа тартылды.

Полиция басқармасының мәліметінше, үш жігіт музыка колонкасының дауысын қатты қойып көпшіліктің наразылығын тудырған. Жолаушылардың бірі «Жібек жолы» бекетіндегі полиция қызметкерінен көмек сұрады.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы азаматтардың әрекеті ұсақ бұзақылыққа жатқызылды. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, –  деді полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Жұрынов.

Хабар 24 телеарнасы