434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Брюссельде Хиуа мәдениетінің күндері өтті

  • 54
  • UPD: 15:41, 18.11.2021

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен «Еуроодақ-Өзбекстан» арасындағы достық тобының ұйымдастыруымен алғаш рет Брюссельде Хиуа мәдениетінің күндері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мәдени шара аясында еуропалықтарды түркі дүниесінің ежелгі қаласының тарихы, салт-дәстүрі, музыкасы мен тағамдары таныстырды. Бұл шараға Еуроодақ басшылары, Еуропарламент депутаттары, Орталық Азия мемлекеттері мен Түркия елшіліктерінің өкілдері және Еуроодақ пен Бельгияның көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Шара соңында «2020 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы – Хиуадан қалған әсер» атты фотокөрме ашылды.

Дүйсен Қасейінов, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы:

– Түркістан Түркі дүниесінің рухани бас қаласы болып аталды. Сондықтан мен осы Еуроодақ депутаттарына келесі жылғы Түркістан күндерін Еуропа төрінде өткізуді ұсындым.

Хабар 24 телеарнасы