430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да жиырма алты бас жылқы айып алаңына қамалды

  • 139
  • UPD: 15:31, 18.11.2021
ШҚО-да жиырма алты бас жылқы айып алаңына қамалды

Иесіз жайылып жүрген мал көбінесе ұры-қарының құрығына ілігеді. Өскеменде бірден 26 бас жылқы айыппұл тұрағына кіргізілді.

Жануарлар Өскемен-Самар тас жолы бойында еш қараусыз жайылып жүрген. Ол жерге жедел жеткен атты полиция жылқыларды айыппұл тұрағына қамады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, малда ешқандай таңба, ен болмаған. Дегенмен бір тәуліктен соң мал иесі табылды. Ол сол маңдағы Самсоновка ауылының тұрғыны болып шықты. Енді 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал ең қиыны – жол үстіне шығып, адам өміріне қауіп төндіреді.

Облыста соңғы үш жарым ай ішінде қараусыз мал кесірінен 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы