Елімізде жабайы фаунадан келер қауіп көбейді

Елімізде биологиялық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ететін заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мамандардың айтуынша, бұл маңызды құжат, себебі әлемде жабайы құстар мен жануарлардан тарайтын қауіпті инфекциялар көбейген. Ал Қазақстанда олардың белсенді табиғи ошақтары бар. Салдарынан жыл сайын Сібір жарасы, құтыру, бруцеллез сынды індеттер таралады. Бұл туралы мәжіліс қабырғасында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья «бұл бағыттағы сараптамалық жұмыстарды жетілдіру керек» дейді. Маманның сөзінше, індетті антибиотикпен емдеуге әуес болмау керек. Оның ағзаға пайдасынан зияны көп. Есесіне биопрепараттар мен дәрілерді, қорғаныш құралдарын өз елімізде шығаруға көңіл бөлу маңызына тоқталды. Отырыста трансшекаралық аумақтарды бақылауды нығайту қажеттігі де сөз болды. Осы биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуде мамандардың біліктілігін арттыру және әлеуметтік жағдайын көтеру де өзекті екені айқын болды.

Сондай-ақ...