Қызылордада шыны зауыты жыл соңына дейін іске қосылады

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 проценті аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді жаңа өндіріс орнына көптен күткен балқыту ваннасы мен күйдіру пеші орнатылды.

Айта кету керек, шыны зауытының маңында кемінде 8 өндіріс орнын құру жоспарланған. Яғни шыны талшық, айна, шыныдан ыдыс жасайтын кәсіпорындар ашылмақ. Зауыттың дайын өнімдері келер жылдың наурыз айында шығады.

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі:

– Енді қалып тұрғаны аула және сыртқы территория жұмыстары. Сосын ішін толық тазалау жұмыстары. Осы жұмыстарды біз 10 желтоқсанға дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы сыртқы жұмыстар бойынша темір жол, газ, электр энергия жүйесі бәрі қосылып тұр. Енді соны әрі қарай біз құзырлы органдармен, мемлекеттік органдармен қамтамыс ету мәселесін пысқытаймыз.