ТЖ министрі: Газ баллондарының жарылуына азаматтардың өздері кінәлі

Газ баллонын тек арнайы стансада толтыру қажет. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша, көбі бұл баллондарды арнайы стансаларда емес, жанар-жағармай бекеттерінде толтырады. Жарылыс болған жағдайда мұндай бекетте жұмыс істейтіндер жауапқа тартылмайды.

Юрий Ильин, ҚР төтенше жағдайлар министрі:

– Қыстың кезінде газ баллондарын жылыту құралдарының жанына қоюға болмайды. Өкінішке қарай, біздің халық бұл ережеге мән бермейді. Әрине әр үйдің жанына инспекторды тағайындап қою мүмкін емес. Біз жылда бәрін аралап, ескерту жасаймыз. Бірақ оған құлақ асып жатқандар аз.

Сондай-ақ министр Қарағанды облысындағы Абай шахтасындағы оқиғаға тоқталды.

Оның хабарлауынша, шахтада 100 емес 700 тонна тау-кен үйіндісі бар. Қазір отандық және шетелдік сарапшылар оқиға орнын зерттеп, алдын ала қорытындыларын әзірлеп жатыр.