430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елде электр энергиясының тапшылығы жойылды

  • 92
  • UPD: 19:30, 18.11.2021
Елде электр энергиясының тапшылығы жойылды

Бүгін энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Естеріңізге салайық, жақында бірнеше өңір тұрғындары жарықсыз қалды. Сала басшысы ахуал көрші елдермен электр энергия ауысымдарының салдарынан қалыптасқанын айтты. Әдетте бұл ауысымдар 400-500 мегаватты құрайды. Жақында бұл көрсеткіш 1 жарым мегаваттқа жетіп қалды. Жуырда Павлодар мен Жамбыл облыстарында бірқатар энергоблок жөндеу жұмыстарынан кейін іске қосылды. Енді мұндай жағдайлар қайталанбайтын болады,-деп уәде берді Мағзұм Мырзағалиев.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР энергетика министрі:

– Соңғы екі аптаның ішінде біз Екібастұз қаласындағы ГРЭС-1 екі блокты іске қостық. Олар күрделі жөндеу жұмыстарынан  шығып, қосымша 1000 мегаватт электр генерациясын іске қостық. Өткен аптада Жамбылдағы ЖГРЭС-тегі 3 блокты қостық. Оның қосылмағанына біраз уақыт болды. Қазір сол 36 блок 180 мегаватт тұрақты түрде беріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы