Елорда тұрғыны мемлекетке 900 млн теңге залал келтірді

Қаржылық мониторинг агенттігі «көлеңкелі экономикамен» күрес жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша «АйДи Строй 2030» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында серіктестіктің атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер ресімдегені анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 900 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

Д.Құрманғожиноваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.