Петропавлда аяғы ауыр әйелдер мен балаларға 37 мың доза вакцина сатып алынды

Петропавлда аяғы ауыр әйелдер мен балаларға 37 мың доза вакцина сатып алынды

Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелдер мен балаларға 37 мың доза вакцина сатып алынды. Өңірде осы топтағы адамдарға екпе салу науқаны басталды.

Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай тұр. Соңғы тәуліктің ішінде 149 адам ауырып қалған. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Індеттен күніне 5 науқасқа дейін жан тапсырады. Облыс қазан айынан бері «қызыл аймақтан» шыға алмай жатыр. Енді дәрігерлер бұған дейін екпе салдырғандарды қайта шақырады.

Арман Күшбасов, санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Келесі аптадан ревакцинация науқанын бастаймыз. Бірінші кезекте медицина, білім, күш құрылымдарының қызметкерлері мен 60-тан асқан және иммунитеті нашар адамдар қайта егіледі.