Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Ө.Шөкеев

Түркістан облысында жаппай вакцинация науқаны аяқталуға жақын. Бүгінде миллионнан астам тұрғын COVID-19-ға қарсы екпе алды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп жазады ortcom.kz

«Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген коронавирус індетінің таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде үлкен жұмыстар атқарылды. Түркістан облысы – коронавирустың таралу қарқыны бойынша жыл бойы «жасыл аймақта» болған елдегі жалғыз аймақ. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жұқпалы ауруханаларда дүрлікпе жоқ, төсек-орындардың көпшілігі бос», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, вируспен одан әрі күресу үшін өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Жаңа көпсалалық аурухана салынуда, аймақта жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді.