Маңғыстау облысында мал ұрлаумен айналысқан 25 адам жауапқа тартылды.
Криминалды полиция қызметкерлері жыл басынан бері 20 деректің ізін суытпай ашты. Соның ішінде қылмыстық топты 2 тәулікте қолға түсірді. Олар Бейнеу ауданында бірнеше рет қой ұрлап, малшыларға 450 мың теңге шығын келтірген. Сондай-ақ жылқы мен түйе ұрлауды кәсіп еткендер шаруа қожалықтарын 5 млн 650 мың теңгеге шығынға батырды. Оның 5 млн теңгеден астамы иелеріне қайтарылды. Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алудың бір жолы чиптеу екенін айтады. Қазір облыста 37 мың 780 жылқы мен 74 мыңдай түйеге чип салынған.
Айғаным Рахметова, өңірлік ПД баспасөз қызметінің өкілі:
– Мал ұрлығының алдын алу және ашу бойынша, атыс қаруларын заңсыз сақтайтын адамдарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының 15-24 күндері аралығында 5 мал ұрлығы қылмысы ашылды. Бейнеу ауданында екі адамнан құралған бір қылмыстық топ ұсталды.