434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тыйым салынған жануарларды атуға қатысты браконьерлік қылмыстар тыйылмай тұр

  • 102
  • UPD: 17:54, 19.11.2021
Тыйым салынған жануарларды атуға қатысты браконьерлік қылмыстар тыйылмай тұр

Маңғыстау өңірінде заңмен тыйым салынған жануарларды атуға қатысты браконьерлік қылмыстар тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазан-қараша аралығында республикалық «Браконьер» жедел алдын алу іс-шара аясында қозғалған 8 қылмыстық істің алтауы осы тұрғыда. Сондай-ақ рұқсатсыз қару мен оқ-дәрі алып жүру бойынша 2 дерек тіркелді. Табиғат қорғау полицейлері тағы 40 адамды аң аулау және балық аулау қағидаларын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартқан.

Абзал Яхиев, ПД Табиғат қорғау полиция бөлімінің аға инспекторы:

– Күні бүгінге дейін табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 48 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 қылмыстық және 40 әкімшілік-құқықбұзушылық тіркелген. Нақты айтқанда ҚР қылмыстық Кодексінің 339-бабымен 6 қылмыс тіркелсе, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша 2 қылмыс тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы