Қызылордада балалар арасында пневмонияның өршуі белең алды

Қызылорда облысында балалар арасында пневмонияға шалдығу көрсеткіші әлі де жоғары. 

Аурушаңдық деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге дейін өскен. Балалар ауруханасы  күнделікті 30-50 бүлдіршін қабылдайды екен. Олардың жартысына жуығы – бір жасқа толмаған сәбилер. 350 төсек-орын дайындалған емдеу мекемесінде қазір 207 бала ем алуда, оның 15-і жансақтау бөлімінде жатыр. Пульмонологиялық науқастарға арналып тағы бірнеше бөлімшенің стационары қайта жарақталған. Перинитальдық орталықтан да 60 орын дайындалды. Дәрігерлердің айтуынша, ата-аналар үй жағдайында емдеумен айналысқандықтан, балалар тыныс ауруларының асқынған түрімен жеткізіледі.

Зоя Көшенова, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Облыс тұрғындарынан өтініп сұраймыз. Екі жыл бойы бәріміз пандемиядан шаршап кеттік, рас. Бұл аурудың қалай алдын аламыз? Халық бір-бірімен араласқысы келеді. Жас балаларды қоғамдық жерге апаруды, үйге көп қонақ шақыруды, қонаққа баруды азайтқан жөн. Әзірше барлығын шектеген дұрыс деп есептейміз.