Орталық мемлекеттік архивтің құрылғанына 100 жыл

Қазақстан Орталық мемлекеттік архивіне 100 жыл. Осыған орай архив ғимаратына мемориалды тақта қойылып, арнайы шығарылған ғылыми жинақтар мен кітаптардың тұсауы кесілді.

Бір ғасыр бойы ел тарихын түгендеп, қаттап келе жатқан архивтегі ең көне құжат – 1733 жылғы Ресей империясының кеден құжаттары екен. Бұдан өзге түпнұсқа құжаттар мен кино-фото материалдар сақталған. Басқа да тарихи маңызы зор жәдігерлердің көшірмелері бар. Қорда жалпы саны 1 жарым миллионға жуық іс құжаттары сақтаулы. Нақтырақ айтсақ, қазақ хандары Жәңгір хан мен Кенесары ханға, Исатай, Махамбет, Сұраншы, Саурық билерге қатысты құжаттардан бастап, ғалымдар мен ақын-жазушылардың қолжазбалары сақталған. Жазбаша жәдігелер қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен цифрландырылуда.

Сәбит Шілдебай, ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ директоры:

– Мақсатымыз – қағаз құжаттардың барлығын цифрландырып, болашақ ұрпаққа сандық негізде жеткізу. Және мына қағаздарды үнемі рестоврациялап, өңдеп, жөндеп отыру керек. Оған үлкен лабораториялар қажет. Міне, «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасының аясында биыл архивімізге мемлекет тарапынан үлкен лабораториялар, сканер аппараттар берілді.